Наша деятельность
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ

«Уылдырық шашу» акциясы

«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы
«Уылдырық шашу» акциясы

Қазақстанда «Бекіре-2020» балық қорғау акциясы өтті»

2020 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре-2020″кең ауқымды балық қорғау акциясын іске қосты.

Жыл сайын бағалы балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңінде табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері балықтардың, оның ішінде бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашу орындарына көшуін қамтамасыз ету мақсатында балықтың заңсыз аулануына және айналымына қарсы іс-қимыл бойынша күш-жігерді біріктіреді.

Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер министрлерінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының «Бекіре «балық қорғау акциясын өткізу туралы»бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық шеңберінде балық қорғау акциясын өткізу кезінде құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының өзара іс-қимылы жөніндегі үйлестіру штабының құрамы, сондай-ақ акция кезінде бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді. Үйлестіру штабын басқару Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жүктелді.

Акция аясында браконьерлік фактілері орын алуы ықтимал жерлерде стационарлық және жылжымалы бекеттер, мобильді рейдтік топтар ұйымдастырылды. Негізгі күштер Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясына және Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағалық кеңістігіне шоғырланды, өйткені бұл жерлерде браконьерлік фактілері жиі тіркеледі.
Акция барысында әуежайларда, вокзалдарда және ірі автожолдарда балық пен балық өнімдерін республикадан тыс жерлерге шығаруға бақылау күшейтіледі. Бұдан басқа, республика аумағында балықтың заңсыз айналымы фактілері анықталып, олардың жолын кесуде. Өткен жылдардағы балық қорғау акциясының нәтижелері Көктемгі кезеңде браконьерлік топтардың қызметі жандана түскенін көрсетеді.