Кәсіпорын жыл сайын еліміздің барлық аумағында киіктердің, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарлардың түрлерінің жай-күйіне авиациялық есеп және мониторинг жүргізеді.
Жабайы жануарларды авиациялық есепке алу олардың санын үлкен аумақтарда (ауданнан бірнеше облысқа дейін) қысқа мерзімде және аз шығынмен анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі кемшілігі бұл жұмыстардың құны қымбат. Әуе есебін жүргізу үшін: тікұшақтар (МИ-8 типі), ұшақтар (АН-2, ЯК-18 типі және т. б.), мотодельтапландар пайдаланылады. Авиациялық есеп барысында жануарларды санау әдістері әртүрлі болуы мүмкін және тіршілік ету ортасының құрылымымен де, жануарлар популяциясының кеңістіктік-уақыттық динамикасымен де анықталады.
Жерүсті мониторингі
Автомобиль арқылы есепке алу – ең кең таралған әдістердің бірі. Бұл әдісте жолсыз жерлерде жүре алатын кез келген көлік құралдары немесе мотоциклдер пайдаланылуы мүмкін. Әдісті қолдану мүмкіндігі алқаптардың ашықтығына (көріну деңгейіне) және автокөлікпен жүруге қолжетімділігіне байланысты. Бұл әдіс жеткілікті үнемділігімен, жоғары өнімділігімен және жануарларды, олардың іздерін және мекендеу орындарын тіркеу ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
Бұл жануарлардың таралуын, санын, физикалық жағдайын, олардың тіршілік ету ортасының құрылымын, сапасы мен ауданын үнемі бақылау жүйесі. Мониторинг болып жатқан өзгерістерді анықтау және бағалау, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтау, жануарлар дүниесін теңгерімді және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету үшін жағымсыз процестер мен құбылыстардың салдарын болдырмау және жою мақсатында жүргізіледі.
Авиациялық есепке алу және жер үсті бақылауларының деректерін (нақты кездесуі, жыныстық жас құрамы) жалпы есепке алу. Жануарлар әлемінің жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау.
Жануарлар дүниесін есепке алу популяциялар жағдайының объективті көрінісін қамтамасыз етеді және ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы басқару шешімдерінің негізі болып табылады.
Есепке алу деректері алып қою лимиттерін айқындау, табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау және мемлекеттік есептілікті дайындау кезінде пайдаланылады.