«ОХОТЗООПРОМ ӨБ» РМҚК · ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Кәсіпорын туралы

"Охотзоопром ӨБ" РМҚК ("Охотзоопром" өндірістік бірлестігі" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құрылымындағы мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымы. Оның басты миссиясы- сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарлардың түрлерін (сондай-ақ киіктердің ерекше популяциясын) қорғау, өсімін молайту және есепке алу.

1993 ж.
Кәсіпорынның құрылған жылы
5 +
Аумақтық бөлімшелері
16 обл.
Қатысу аймақтары
716 +
Қазақстан бойынша қызметкерлер

Кәсіпорынның тарихы

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК 1993 жылы құрылды. 30 жылдан астам уақыт ішінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласындағы негізгі мемлекеттік ұйымдардың біріне айналды.

Кеңестік кезең

Қазақ КСР-де жабайы жануарларды мемлекеттік кәсіпшілік мақсатта пайдалану және олардың санын реттеу жүйесі болған, алайда антропогендік жүктеменің артуына және браконьерлік қаупінің күшеюіне байланысты мамандандырылған құрылым құру қажеттілігі туындады.

Тәуелсіз Қазақстанда ресми құрылуы

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК 1993 жылғы 30 наурызда ресми түрде тіркелді.

Міндеттердің эволюциясы

Бастапқыда бірлестік тек қорғаумен ғана емес, сонымен бірге кәсіптік дамумен де айналысқан (мысалы, киіктердің санын коммерциялық мақсатта реттеу). Алайда 1990-жылдардың соңы мен 2000-жылдардың басында браконьерліктің салдарынан киіктер санының күрт азаюы мемлекеттің басымдықтарын түбегейлі өзгертуге себеп болды. Осыған байланысты «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметі толықтай қорғау тәртібіне көшірілді.

Қазіргі мәртебесі

Бүгінде бұл мемлекеттік инспекцияның негізгі буыны, оның қызметкерлері (инспекторлары) миллиондаған гектар дала мен шөлейттерді күзетіп, қиын дала жағдайында жұмыс істейді.

Миссиясы мен мақсаттары

Кәсіпорынның қызметі биологиялық әртүрлілікті сақтауға және жануарлар дүниесін мемлекет пен келешек ұрпақтың игілігі үшін орнықты пайдалануға бағытталған.

Миссиясы

Қазақстанның бірегей биоалуантүрлілігін сақтау, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлардың түрлерін қорғау және браконьерліктің жолын қатаң кесу арқылы болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті сақтау.

Негізгі міндеттері

1

Жануарлар дүниесін қорғау

Жабайы жануарларды браконьерліктен және заңсыз айналымнан қорғау, олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау.

2

Популяцияларды қалпына келтіру

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлердің санын қалпына келтіру, интродукция және реинтродукция бағдарламаларын жүзеге асыру.

3

Есепке алу және мониторинг

Киіктердің, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарлардың санын жыл сайын есепке алу, киіктердің, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарлардың жай-күйі туралы деректерді жинау және талдау.

4

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

Аңшылық алқаптарын басқару және аңшылық ресурстарын пайдалануды реттеу.

5

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

ҚР ІІМ-мен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларымен бірлескен рейдтік іс-шаралар

6

Халықты ақпараттандыру

Қызметтің ашықтығын және азаматтардың ресми ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Құндылықтар

Заңдылық

Заңдылық

Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау негізінде жұмыс істеу.

Ашықтық

Ашықтық

Қызметтің ашықтығы және азаматтар үшін ақпараттың қолжетімділігі.

Жауапкершілік

Жауапкершілік

Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және ұзақ мерзімді тұрақтылық

Кәсіпорын басшылығы

"Охотзоопром ӨБ" РМҚК басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалған басшы құрам жүзеге асырады. Кәсіпорын басшылары жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапкершілік артады.

Тлевлесов Ролан Январбекович

Тлевлесов Ролан Январбекович

Бас директор

Әліпбай Айбек Игенович

Әліпбай Айбек Игенович

Бас директордың орынбасары

Кертиев Владимир Владиславович

Кертиев Владимир Владиславович

Заместитель генерального директора

Орлов Сергей Николаевич

Орлов Сергей Николаевич

Бас директордың орынбасары

Рамазанов Бахтияр Дюсенгалиевич

Рамазанов Бахтияр Дюсенгалиевич

Бас директордың орынбасары

Кәсіпорынның құрылымы

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК ұйымдық құрылымы функционалдық қағидат бойынша құрылған және жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторингілеу саласындағы міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тлевлесов Ролан Январбекович

Бас директор

Әліпбай Айбек Игенович

Бас директордың орынбасары

Кертиев Владимир Владиславович

Бас директордың орынбасары

Орлов Сергей Николаевич

Бас директордың орынбасары

Рамазанов Бахтияр Дюсенгалиевич

Бас директордың орынбасары

Буранбаев Руслан Калматаевич

Офицер-комплиенс

Аппараттың құрылымдық бөлімшелері

Бақылау-инспекциялық бөлім

Кәсіпорынның барлық өңірлік филиалдарының, инспекторлық топтарының, ЕҚТА және ӘБҚ жұмыс сапасына ішкі бақылау, аудит және қадағалау жүргізу.

Қызметкерлермен жұмыс жүргізу бөлімі

Кәсіпорынның кадр саясатын әзірлеу, іс қағаздар мен құжаттаманы жүргізу.

Бухгалтерлік есеп және экономикалық жоспарлау бөлімі

Бюджетті жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, Кәсіпорын мүлкін есепке алу, экономикалық жоспарлауды бақылау, шаруашылық қызметті талдау және есептілік.

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі заңдылықтың сақталуын бақылау.

Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы

Қазақы ит тұқымдарын селекциялау және сақтау.

Жабайы жануарларды көшіру орталығы

Жабайы жануарларды табиғи мекендеу ортасына тасымалдау, реинтродукциялау, шығару және көшіру.

Көлік бөлімі

Кәсіпорындағы барлық техниканы басқару, ұстау және дайындау.

Инфрақұрылым бөлімі

Кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық, техникалық және материалдық қамтамасыз ету.

Аңшылық шаруашылығы бөлімі

Аңшылық алқаптарын қорғау, жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу, мониторингілеу, өсімін молайту, жануарлар дүниесін пайдалануды бақылау.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, ғылым, жануарлар дүниесін есепке алу және мониторингілеу бөлімі

Кәсіпорынға бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін браконьерліктен қорғау, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарларды есепке алу және мониторинг жүргізу.

Жануарлар дүниесін қорғау қызметі бөлімі

Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы тұяқты жануарларды браконьерліктен қорғауды қамтамасыз ету.

Жедел әрекет ету тобы

Қарулы браконьерлерге қарсы жедел іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу.

Заң бөлімі

Кәсіпорын қызметінің заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, кәсіпорынның мүдделерін қорғау, құқықтық сүйемелдеу.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі

Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылау.

Жобалық офис

Нормативтік-құқықтық актілердің жобалары заңды күшіне енген сәтке дейін оларды іске асыру, үйлестіру, басқару және сүйемелдеу.

Баспасөз қызметі

Кәсіпорын қызметінің өзекті мәселелері бойынша ресми өтініштерді, пресс-релиздер мен хабарламаларды дайындау және тарату, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау.

Аумақтық бөлімшелер

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК өңірлік филиалдарға бөлінген, олардың әрқайсысы өзіне бекітілген мекендеу аймақтарын күзетеді.

«Охотзоопром ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалы

Қызылорда қ., Н. Назарбаев даңғ., 27, 3т ғим.

Ақтөбе өңірлік филиалы

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 25-үй, 203-кеңсе.

Батыс өңірлік филиалы

Орал қ., Самара к-сі, 23Б
-

Оңтүстік-Шығыс өңірлік филиалы

Жетісу облысы, Талдықорған қ., Ақ қайың к-сі, 1.
-

Орталық өңірлік филиалы

Астана қ., Оңтүстік-Шығыс ы/а, Арқат тұйық көшесі, №2 үй.
-

«Андасай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықшасы

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Омаров к-сі, 72В-үй.
-

«Жусандала» республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағы Оңтүстік Қазақстан, Арыс және Қаратау республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағы

Шымкент қ., Бейбітшілік к-сі, 14-үй, 33-пәтер.
-

«Кендірлі-Қаясан» республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймағы және «Ақтау-Бозашы» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорықшасы

Маңғыстау обл., Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, 5-квартал, 600/7-үй
-