Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 318-п бұйрығымен Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып айқындалды.
Тазы иттердің (қазақ тазысы) және төбеттің (қазақтың қасқырға шабатын иті) қазақтың ұлттық тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру Қазақстан үшін мемлекеттік маңызы бар міндет болып танылды, себебі бұл жануарлар көшпелі халықтардың бірегей мәдени-тарихи мұрасы болып табылады.
Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығын құрудың мақсаты – тазы мен төбет тұқымдарының таза қанды желілерін сақтау және дамыту. Ғылыми зерттеулерге, көрмелерге, халықаралық бағдарламаларға қатысу үшін асыл тұқымды қорды қалыптастыру. Ит өсірушілерді қолдау және тұрақты өсіру жүйесін қамтамасыз ету.
Мәдени іс-шаралар өткізу:
• Көрмелер
• Байқаулар
• Дәрістер мен семинарлар
Жоба бірегей ұлттық тұқымдарды сақтау, өсіру және танымал ету мақсатында қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығын (тобет және тазы) дамытуды көздейді.
Мереке күні: 3 қыркүйек FCI тазыларды ресми тұқым ретінде таныған және Қазақстанға стандарт ұстаушының құқығын бекіткен күннің құрметіне таңдалды.