Балық ресурстарын бірлесе қорғау: Қапшағай су қоймасындағы бірлескен іс-шаралар қорытындыланды

Қазанның жиырма үшінші жұлдызында Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасындағы браконьерлікпен күрес жөніндегі бірлескен табиғатты қорғау іс-шараларының қорытындысы шығарылды.
Бұл маңызды экологиялық шара уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғауды күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Рейдтік жұмыстарға Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК және Полиция департаменті қызметкерлері бірлесе қатысты.
Іс-шара барысында негізгі назар келесі маңызды бағыттарға аударылды:
* Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
* Балықты заңсыз аулауға жол бермеу;
* Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында су айдынында тұрақты патрульдеу жүргізіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді қолға алынды. Табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеті браконьерлікпен күресті күшейтіп, су қоймасының балық ресурстарын қосымша қорғауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшылығы барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Осы орайда, қызметтік міндетін мінсіз атқарып, ерекше көзге түскен қызметкерлер, соның ішінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өкілдері Алғыс хаттармен марапатталды.
«Охотзоопром» ұжымы марапатталған әріптестерін құттықтай отырып, еліміздің су биоресурстарын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріне сәттілік тілейді!