Табиғат сақшылары 05.11.2026

Жетісу облысында заңсыз аң аулау және балық аулау белгілері анықталды

2026 жылғы 2 қарашада Жетісу облысының Алакөл ауданында, Жалаңашкөл көлінің маңында бірлескен табиғат қорғау іс-шаралары барысында жабайы жануарларды заңсыз аулау және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалану белгілері анықталды.Іс-шараға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК және «Ecobiogen» ЖШС мамандары қатысты.Әуе патрульдеуі барысында екі жол талғамайтын автокөлік анықталды. Тікұшақ жақындаған кезде көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Қозғалыс барысында автокөліктен жәшік лақтырылып, кейін оның ішінен оқ тиген іздері бар, болжам бойынша арқар мен еліктің ұшаларының бөліктері табылды.Екінші автокөлікті тексеру кезінде атыс қаруы, балық аулау торлары, моторлы қайық және әртүрлі балық түрлерінен шамамен 20 келі балық анықталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК уәкілетті органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар дүниесін қорғау, браконьерлік фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.