2026 жылғы 2 қарашада Жетісу облысының Алакөл ауданында, Жалаңашкөл көлінің маңында бірлескен табиғат қорғау іс-шаралары барысында жабайы жануарларды заңсыз аулау және тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалану белгілері анықталды.Іс-шараға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Жетісу облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК және «Ecobiogen» ЖШС мамандары қатысты.Әуе патрульдеуі барысында екі жол талғамайтын автокөлік анықталды. Тікұшақ жақындаған кезде көліктердің бірінің жүргізушісі оқиға орнынан қашуға әрекет жасаған. Қозғалыс барысында автокөліктен жәшік лақтырылып, кейін оның ішінен оқ тиген іздері бар, болжам бойынша арқар мен еліктің ұшаларының бөліктері табылды.Екінші автокөлікті тексеру кезінде атыс қаруы, балық аулау торлары, моторлы қайық және әртүрлі балық түрлерінен шамамен 20 келі балық анықталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК уәкілетті органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар дүниесін қорғау, браконьерлік фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қазанның жиырма үшінші жұлдызында Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасындағы браконьерлікпен күрес жөніндегі бірлескен табиғатты қорғау іс-шараларының қорытындысы шығарылды.
Бұл маңызды экологиялық шара уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғауды күшейту мақсатында ұйымдастырылды. Рейдтік жұмыстарға Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК және Полиция департаменті қызметкерлері бірлесе қатысты.
Іс-шара барысында негізгі назар келесі маңызды бағыттарға аударылды:
* Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
* Балықты заңсыз аулауға жол бермеу;
* Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында су айдынында тұрақты патрульдеу жүргізіліп, халық арасында түсіндіру жұмыстары белсенді қолға алынды. Табиғатты қорғау және құқық қорғау органдарының үйлесімді әрекеті браконьерлікпен күресті күшейтіп, су қоймасының балық ресурстарын қосымша қорғауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшылығы барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Осы орайда, қызметтік міндетін мінсіз атқарып, ерекше көзге түскен қызметкерлер, соның ішінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өкілдері Алғыс хаттармен марапатталды.
«Охотзоопром» ұжымы марапатталған әріптестерін құттықтай отырып, еліміздің су биоресурстарын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріне сәттілік тілейді!

20.10.2026 күні кәсіби мереке қарсаңында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның үздік мамандары мен ерекше көзге түскен инспекторлары салтанатты жиында марапатталды.
Шара барысында экология саласының майталмандары бас қосып, ел игілігі мен қоршаған ортаны қорғау жолындағы серттеріне адал екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Салтанатты жиында «Охотзоопром» кәсіпорнының бас директоры Ролан Январбекұлы Тлевлесов табиғат жанашырларын кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградалар мен арнайы куәліктерді табыс етті.
Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген келесі қызметкерлер марапат иесі атанды:
ІІ дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:
* Сүйінбеков Нұрлан Тажибаевич — Андасай мемлекеттік табиғи қаумалының қызмет инспекторы;
* Смагул Салик Скакович — Маңғыстау тірек пунктінің Ақтөбе өңірлік филиалының инспекторы;
* Мауленов Болат Хамитович — Андасай мемлекеттік табиғи қаумалының қызмет инспекторы.
Комитет төрағасының «Құрмет грамотасымен»:
* Бекбулатов Саят Калимолданович — инспектор;
* Ибраев Рашид Ашимович — инспектор;
* Кошекбаев Алтынбек Сурапбаевич — инспектор;
* Сағындықов Алмас Саламатович — инспектор.
Комитет төрағасының «Алғыс хатымен»:
* Аяпов Нұрсұлтан Болатбекович — инспектор;
* Касимов Нуридин Муслимович — басшының орынбасары.
«Охотзоопром» ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның бай табиғаты мен биоәртүрлілігін қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріне толағай табыстар тілейді!
«Охотзоопром» ӨБ
-
Мекенжайы Алматы қ., Василий Бартольд к-сі, 157В
-
Телефон +7 (727) 237-79-50
-
Email ohotzoo@mail.ru
-
Жұмыс уақыты Дс – Жм: сағ. 09:00–18:00 (түскі үзіліс: сағ. 13:00–14:00)